Қоғамдық қабылдау өткізді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Жазықбаев «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдау өткізді.

Қоғамдық қабылдау бөліміне 8 азамат өтініш білдірді.

Қабылдауға келгендердің ішінде Нұр-Сұлтан қаласы және бейнеконференцбайланыс арқылы қосылған Алматы қаласы, Павлодар облысының тұрғындары болды. Олар өз сұрақтарын Агенттік төрағасының орынбасарына қоя алды.

Әр түрлі сипаттағы шағымдар түсті: жергілікті атқарушы органдардың әрекеттеріне, сот шешімдерінің орындалмауы және сот орындаушыларының әрекетсіздігіне, қылмыстық істің нәтижесімен келіспеу және т. б.

Барлық қойылған сұрақтарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында түсіндірмелер берілді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 қаңтар 2020 г. 328 0