Дмитрий Баландин Қытайдағы Champion Swim Series турнирінде тағы да қола еншіледі

Қазақстандық Дмитрий Баландин Қытай астанасы - Бейжің қаласында өтіп жатқан Champion Swim Series турнирінің екінші жарыс күнінде брасс әдісімен 100 метрге жүзуде үшінші орын алды. Оның нәтижесі 1:00.00 көрсеткішін құрады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл қашықтықты 58.83.00 уақытта бағындырған қытайлық Ян Цзыбей бірінші орын алса, күміс жүлдеге 58.95.00 көрсеткішімен нидерландтық Арно Камминг ие болды. Естеріңізге сала кетелік, Д.Баландин Оңтүстік Кореяның Шэньчжэн қаласында өткен жарыста бұл қашықтықты 1:00:55 көрсеткіші бойынша бағындырған болатын.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 қаңтар 2020 г. 307 0