"Қазақстанда көп ақша таптым". Өзге елге кеткен футболшы шындығы

Футболдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Георгий Жуков алматылық "Қайраттан" кетіп, Польшаның "Висла" командасына не үшін қосылғаны туралы айтып берді.
2017 жылдан бері "Қайратта" ойнаған футболшы өткен маусымның соңында Польша чемпионатына ауысуды жөн деп шешіпті. 
"Келіссөз тез өтті. Ұзақ ойланбадым. Клубтан да көп ештеңе талап етпедім. Қазақстанда көп ақша таптым. Польша чемпионаты – мен үшін алға жылжу деп шештім. "Висланың" жарыс кестесінде нешінші орында екенін білемін, бірақ маған әр аптада жоғары деңгейдегі матч өткізу маңызды. Польша чемпионаты Қазақстан біріншілігіне қарағанда мықтырақ. Оған қоса еуропалық скауттар бақылайды.  "Вислаға" кез келген жағдайда келуге әзір болдым. Тіпті ішер асым мен жатар жерімді ғана төлейміз десе де келер едім. Өйткені өзімді нағыз футболшы сезіну үшін бұл қадамға баруым қажет болды", - деді Георгий Жуков Sportdziennik басылымына берген сұхбатында.
 Естеріңізге сала кетсек, осыдан үш жыл бұрын футболшы үшін Ресейдің "Урал" командасына миллион еуро төлеген "Қайраттан" Георгий Жуков Польшаға тегін ауысты.

Массагет.кз

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 қаңтар 2020 г. 315 0