Кезекті жер сілкінісі тіркелді

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 20 қаңтар күні Алматы уақытымен 13 сағат 33 минут 32 секундта жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Зілзала ошағы Алматы қаласынан 355 шақырым қашықтықта Қытай аумағында орналасты. «Энергетикалық санаты – 9,7. MPV магнитудасы – 4,2. Тереңдігі – 5 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәліметтер жоқ», - делінген ақпаратта. Еске салайық, бұл соңғы екі тәулікте Қытай аумағында тіркелген бесінші жер сілкінісі. Алғашқысы 19 қаңтар күні сағат 06. 04-те, екінші зілзала 19 қаңтар сағат 21:27-де болды. 19 қаңтарда сағат 19.27-де болған жер сілкінісінің дүмпуі Қазақстан аумағына жетті. Оны Алматы тұрғындары 3-4 балл қуатымен сезінді. Зардап шеккендер және қираған ғимараттар туралы мәліметтер түскен жоқ.
Бүгін, 20 қаңтар күні сағат 09.17-де ҚР БҒМ-нің сейсмикалық стансалары Алматы қаласынан 356 шақырым қашықтықта Қытай аумағында тағы бір дүмпудің болғанын анықтады. Сондай-ақ айта кетейік, 20 қаңтар күні Алматы облысында екі жер сілкінісі тіркелді. Алғашқысы сағат 02-57-те болды. Бірақ тұрғындар дүмпуді сезінбеді. Екіншісі сағат 11.31-де Алматы облысының Текелі қаласы мен Рудничный ауылының арасында болды. Оны Текелі қаласының тұрғындары 3-4 балл, Талдықорған қаласының тұрғындары 3 балл қуатымен сезінді.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 қаңтар 2020 г. 107 0