«Алаштың асыл мұрасы» кітабының тұсаукесер рәсімі өтеді

«Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» бағдарламасының «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында Сыр бойының киелі орындары мен олардың атаулары, көне қалалар мен тарихи орындары жайлы халық аңыздары мен мифтік хикаялары жинақталған «Сыр бойының сакралды ескерткіштері: мифтер, аңыздар, хикаяттар», Қызылорда облысынан 12 жалпыұлттық, 72 өңірлік қасиетті нысандар енгізілген «Қасиетті Қазақстан» атты энциклопедиялық жинағының және ақын Тұрмағамбет Ізтілеуұлының шығармашылығына арналған «Алаштың асыл мұрасы» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтеді.
Құрметті жерлестер, қала қонақтары, рухани құндылығымызды жаңғыртқан еңбектердің тұсаукесер рәсімі Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 22 қаңтар күні сағат 10.30-да өтеді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 қаңтар 2020 г. 474 0