Көктем қашан келеді?

Ұзақ мерзімді болжамға сәйкес биылғы жылдың қаңтар айы Таймыр түбегінен үздіксіз енетін суық ауа массаларының ықпалынан ызғарлы, яғни ауаның орташа айлық температурасы қалыпты мөлшерден 1...2°С төмен болады деп болжануда. Ең төменгі температуралар айдың басында, ортасында және үшінші онкүндікте байқалады: солтүстік жартысында 45°С аязға дейін төмендесе, оңтүстік жартысында 30 °С аязға дейін төмендейді.     

Ал ақпан айында циклондардың жиі өтуіне байланысты қар шамадан тыс жауып аяздың әлсіреуіне және ауаның орташа айлық температурасы Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде мөлшерден 1...2°С жоғарылауына себепші болады. Дегенмен болжамға сәйкес бірінші онкүндіктің соңында және үшінші онкүндікте екі суық толқыны байқалады: елдің солтүстік бөлігінде күн райы - 30°С аязға, оңтүстік бөлігінде - 20 °С аязға төмендейді. Көктемнің алғашқы айы - наурыз айы жылы, климаттық мөлшерден 1... 2°C жоғары болады және ерте келеді деп болжануда. Бұл әсіресе, айдың екінші жартысында байқалады. Бұл кезде еліміздің солтүстік бөлігінде 10°C жылы шамасында болса, ал оңтүстік жартысында 15 °С жылы болады.


                                                                                                 inform.kz сайтынан

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 қаңтар 2020 г. 253 0