«Қайсар» командасының бұрынғы ойыншысы «Шахтерге» ауысты

«Қайсар» командасының бұрынғы ойыншысы Абдель Азиз Ламанж бүгін Қарағандының «Шахтерімен» келісім-шартқа қол қойды.
Абдель Азиз Ламанж 2017-2019 жылдарда «Қайсарда» қорғаушылық қызмет атқарды. 1990 жылы 27 шілдеде Камерунның Дуала қаласында дүниеге келген ол «Страсбур» командасында футбол әліппесін ашты. Одан кейінгі жылдарда  Францияның «Гренобль», Ресейдің «Шинник», Волгоградтың «Ротор» және қазақстандық «Атырау» клубтарында доп тепті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 қаңтар 2020 г. 99 0