Тарихта осы күн

24 қаңтар

41 – Римдегі Латын елдерінің жарысы кезінде Кассий Херея император Калигуланы өлтірді. Әбден астамсыған императордың зорлық-қорлығына бүкіл ел әзер шыдап отырған еді.

1556 – адамзат тарихындағы ең алапат жер сілкінісі болды. Қытайдағы Шэньси аймағындағы зілзаладан 830 мың адам қаза тапты.

1848 – Калифорнияның Росс қамалының маңында Джемсаршал деген ағаш шебері сом алтын тауып алды. Америкада «алтын безгегі» басталды.

1893 – атақты жазушы, сыншы, әдебиеттанушы Виктор Борисович Шкловский дүниеге келді. Ойлау жүйесі, баяндау мәнері ешкімге ұқсамайтын, бітімі бөлек қаламгер. 1984 жылы қайтыс болды. Ол қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының қара сөздерін орыс тіліне аударған.

1924 – Петроград қаласының аты Ленинград болып өзгертілді.

1935 – Американың Ричмонд қаласында сыра банкіге құйылып сатыла бастады.

1951 – қазақтың тамаша жазушысы Әлібек Асқар дүниеге келді. «Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді...» повесінің соңғы парағын жауып отырып: «Оралхан Бөкей өлмеген екен, Алтай жыры үзіліп қалмаған екен, жалғасы бар екен» депті ол туралы Шерхан Мұртаза.

1997 – «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы қабылданды.  
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 қаңтар 2020 г. 180 0