Сыр жамағаты «Біз біргеміз» акциясына үн қосты

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, "Жастар ісі" секторының ұйымдастыруымен "Асар" акциясы бастау алып, «Біз біргеміз» республикалық эстафетасына үн қосылды.
Еріктілер жылының құрметіне орай бастау алған акцияның алғашқы шарасы - «Біз біргеміз» республикалық эстафетасы болды. Аталмыш акция аясында С.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінің ерікті студенттері коммуналдық сала қызметкерлеріне қолдау білдіріп, облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ауласында қар күресе, қала мешіттерінің имамдары мен белсенді жамағаттары «Қобыланды батыр» атындағы ескерткіш орналасқан алаңды қардан тазартты.
Республикалы көлемінде өткізілген игі шараны Бас имам Болатбек Ұласқанұлы бастаған еріктілер облыстағы барлық мешіттердің қызметкерлері мен жамағаттарына жолдады. 

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 
 
 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 қаңтар 2020 г. 286 0