Ақын әлемі ерекше балалар көзімен

Ақын Абайдың 175 жылдығына орай Қызылорда қаласындағы Н.Ілиясов атындағы №9 мектеп-гимназияда мектеп-гимназия директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Сардарбекова және мектеп психологы Г.Иманқұлованың ұйымдастыруымен «Ұлы халықтың ұлы Абайы» атты ерекшке әдеби сазды кеш өтті. Мектеп-гимназия директоры Б.Әбиев алғысөзінде шараның маңыздылығына тоқталды.

Кештің еркешелігі, оны ерекше білімді қажет ететін балалар жүргізді. Оқушылар Бақдаулет Дүйсенғазы, Снежана Образцова, Әмір Отар, Назым Қуаныш, Альбина Махмуд өнерлерін ортаға салды.

Кеш соңында Б.Әбиев ерекше балаларға алғыс білдіріп, оларды марапаттады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 ақпан 2020 г. 343 0