Еріктілік бағыттары айқындалды

Президент пәрмен берген «Волонтерлар жылын» жоғары деңгейде өткізу және әр өңірде волонтерлік қызмет аясын кеңейту маңызды мәселе. Ол «BIRGEMIZ» республикалық фронт-кеңсесінің ашылуында көтерілді. 

Облыстан 30-ға жуық делегат қатыстық. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жалынды жастарды көріп, көзіміз оттай жанды. Әрбір жаңа бастама бізге ерекше серпіліс сыйлады. Жалпы, елімізде жастардың волонтерлік қызметпен айналысуына бар жағдай жасалуда. Біз сол мүмкіндікті пайдалана білуіміз керек. Алдағы міндет айқын. Облыста еріктілік қызметті ілгерілету бағытында ерікті жастар лагері, облыстық  слет ұйымдастырылып, тың тәжірибемен бөлісуге мүмкіндік беретін пікіралмасулар мен семинар-тренингтерді өткізу қолға алынған. Облыстық «Жастар ресурстық орталығының» бастамасымен «Еріктілер штабы» да құрылды. Мен жетекшісі ретінде сайландым. Қазір еріктіліктің 15 бағыты айқындалып, негізгі бағыттар бойынша жұмыс жалғасуда.


Ольга Чебакова, 
«ВолонтерыКызылорда» қоғамдық бірлестігінің директоры
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 ақпан 2020 г. 223 0