Қанат жайған руханият

С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында «Қанат жайған руханият» атты көрме өтті.  Шара білім мен мәдениеттің екінші ұстазы атанған, данышпан Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы және тамырлы тарихымыздың бедерлі кезеңін қамтитын Алтын Орда мемлекетінің 750 жылдығына орай  ұйымдастырылды.
Көрмеде Қазақстанның бейнелеу өнеріне өзіндік үлес қосқан танымал қылқалам шебері А.Дүзелханов пен жергілікті суретшілердің туындылары және А.Құнанбайұлының бұған дейін жинақтарына енбеген "Жаңа закон" өлеңі, "Қозы Көрпеш - Баян қыз" поэмасы, Сырдария аудандық музей қорында сақталған Абай тұтынған шкаф, Омбы облыстық мемлекеттік архивінде сақталған "Құнанбай Өскенбайұлының ісі" атты архивтік тың материалдар көшірмесі Сыр елі зерттеушілерінің тынымсыз ізденістерінің арқасында алғаш рет жұртшылық назарына ұсынылды.
Көрмемен қылқалам шеберлері, қала қонақтары мен тұрғындары және ЖОО-ның студенттері танысты.
Көрме 19 ақпанға дейін жалғасатын болады.
 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 ақпан 2020 г. 101 0