«Елбасы жолы. Астана» фильмінің көрсетілімі өтті

«Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен Қызылорда, Байқоңыр қаласы және барлық аудан жастарына «Елбасы Жолы. Астана» фильмінің көрсетілімі өтті.

Фильмде ҚР Тұңғыш Президенті, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың елорданы Сарыарқа төріне көшіру оны салып қана қоймай Еуразия жүрегіне айналдырудағы қажырлы еңбегі бейнеленеді.

«Елбасы Жолы. Астана» фильміне Астанамыздың салыну тарихы арқау болған. Оқиға 1994 жылдың шілде айынан бастау алады. Кеңес Одағы құлағаннан кейін қайта құрылған мемлекет – Қазақстанның тәуелсіз дара жолы басталады. Экономикалық дағдарыс пен саяси тұрақсыздыққа тап болған сол бір қиын-қыстау кезеңдерде, мемлекет Президенті астананы Алматыдан Ақмолаға көшіруді ұсынады. Бұл ұсыныс барша халық үшін күтпеген оқиға болды, мұндай шешімнің іске асатынына және оның жемісті болатынына ешкім сенбеді. Бірақ қауіп-қатер мен қарама-қайшылықтарға қарамастан астананы көшіру күшіне еніп кетті. Күдікке, күмәншілдердің сыны мен қаржылық қиындықтарға төтеп бере отырып, Президенттің басшылығымен еліміз межеленген мақсатты іске асырды. 1998 жылдың 10 маусымында жаңа астана – Астана қаласының халықаралық тұсау кесері өткізілді. Сол кезден бері бір талай уақыт өтті, қазір жаңа елордамыз Қазақстанның экономикалық, геосаяси және стратегиялық маңызды шешімі болғанына оң баға беруге болады.

Елордамыз – орындалған арман қаласы, мақсатқа қол жеткізу үшін үкілі сенім, ерен еңбек және межеленген нысанаға жету жолындағы табандылық керек екендігінің дәлелі мен айғағы.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 ақпан 2020 г. 170 0