Дәуіржан Төлебаев – «Ақиқат» журналының бас редакторы

«Қазақ газеттері» ЖШС-на қарасты «Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналына белгілі журналист Дәуіржан Төлебаев Бас редакторы қызметіне тағайындалды. Ал осы уақытқа дейін журналдың Бас редакторы қызметін атқарған Аманхан Әлімұлы журналдың шолушысы қызметін атқарады.

Дәуіржан Төлебаев – 1982 жылы 31 шілдеде Павлодар облысы Лебяжі ауданы Лебяжі (қазіргі Аққу) ауылында дүниеге келген. 1999 жылы Павлодар қаласындағы Абай атындағы №10 қазақ лицей-мектебін тәмамдаған. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде оқыған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистратурасын, Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының аспирантурасын бітірген. Педагогика ғылымының магистрі. Республикалық «Ана тілі» газетінде 2011 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2014 жылдан Бас редактордың орынбасары.

2012 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты атанды. 2014 жылы Ақпарат министрлігінің «Құрмет» грамотасымен, 2017 жылы «Қазақстан Республикасы Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. «Қазақ газеттері» ЖШС-нің «Алтын қалам» жүлдесінің иегері. «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауының жүлдегері.



«Қазақ газеттері» ЖШС

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 ақпан 2020 г. 113 0