Әрбір мәселе заң шеңберінде шешіледі

Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов өңірлік коммуникациялар қызметінде азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Оған қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары мен басқарма басшылары қатысты. Қабылдауға 30-ға жуық  адам келді.
Өтініштердің басым бөлігі тұрғын үй, әлеуметтік көмек, жұмыссыздық, денсаулық, білім салаларына, сондай-ақ, қоғамдық мәселелерге қатысты болды.
Қабылдауға алғашқы кірген “Арал балалары” қайырымдылық қорының атқарушы директоры Құралай Исаева отбасылар мен бала­ларға арналған жобаны қосымша қаржыландыру мәселесін жеткізді. Бұл жоба облыста үшінші жыл жүзеге асырылуда. Ол көмек қажет жандарға жеті мемлекеттік әлеу­меттік қызмет көрсетуге бағыт­талған. Дәлірек айтқанда, әлеуметтік карта арқылы қиын жағдайға душар болған отбасының басымдыққа ие проблемалары анықталып, оған тартылған мамандар (заңгер, психолог, әлеуметтік сала қызметкері және т.б) отбасымен бірлесіп, оның проблемаларын шешеді. Осылайша олардың денсаулық сақтау мекемелеріне, білім ошақтарына, әлеуметтік көмекке және тағы басқа салаларға қолжетімділігі қамтамасыз етіледі. Бүгінгі таңда 147 отбасына қолдау көрсетіліп, 63 отбасындағы балалардың  қиын жағдайлардан шығуына көмек берілген.
Ыдырыс ТӘЖІҰЛЫ.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 ақпан 2020 г. 246 0