Конькимен жүгіруден әлем чемпионаты: Қазақстан рекорды тіркелді

Солт-Лейк-Ситиде конькимен жүгіруден әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жарыс барысында командалық спринт бойынша Қазақстан рекорды тіркелді, - деп хабарлайды Olympic.kz.
Ерлер арасында аталған бәсекеге Роман Креч, Станислав Палкин, Александр Кленко және Артур Галиев қатысты. Қазақстандық спортшылар финалда алтыншы орыннан көрінді. 1:20.398 көрсеткішімен олар Қазақстанның жаңа рекордын тіркеді. Нидарланды спортшылары 1:18.187 нәтижесімен үздік танылса, екінші орынға 1:18.533 уақытпен Қытай құрамасы, үшінші орынға 1:19.545 көрсеткішімен Норвегия жайғасты.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 ақпан 2020 г. 175 0