«Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы хаттамаға өзгерістер енгізілді

Мемлекет басшысы «2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 ақпан 2020 г. 158 0