«АрселорМитталТемиртаудың» көмір шахтасында өрт болды

 «АрселорМитталТемиртау» АҚ-ның көмір шахтасында өрт болды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖК сілтеме жасап.
«15 ақпан сағат 21:30 шамасында Шахтинскіге жақын маңдағы шахтада өрт болды. Өрт 100 м тереңдікте болған. Шахтадағы 116 адам эвакуацияланды. Жалынды сөндіруге 60 адам мен 6 техника жұмылдырылды. Шахта «АрселорМитталТемиртау» АҚ-ға тиесілі», - делінген хабарламада.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 ақпан 2020 г. 326 0