Еліміздің мерекелік күндер тізбесіне «Көрісу» дәстүрі енгізіледі

Қазақстанның мерекелік күндер тізбесіне «Көрісу» дәстүрі енгізілмек, - деп хабарлады Kaztag.kz тілшісі.

«Қазақстандағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысы келесі мазмұндағы 3-1 тармағымен толықтырылсын: «3-1. «Көрісу» (Амал) дәстүрі – 14 наурыз», – делінген үкімет қаулысының жобасында.

Түсіндірме жазбада айтылғандай, бұл жоба премьер-министр Асқар Маминнің 2019 жылғы 10 сәуірдегі тапсырмасына сәйкес әзірленген.

«Жобаны қабылдау қазақ халқының үздік дәстүрлерінің сақталуына, адамдарда мейірімділікті, қайырымдылық пен сыйластықты тәрбиелеуге ықпал етеді», – деп мәлімдеді Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова түсіндірме жазбасында.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 ақпан 2020 г. 437 0