Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК 18 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады.

Елдің солтүстік бөлігінде қар күтіледі, оңтүстікте жауын – шашын (жаңбыр, қар) жауды, оңтүстік-шығыста қар, таулы, тау бөктеріндегі аудандарда қатты қар жауады. Тек еліміздің батысында ауа райы жауын – шашынсыз болады.

Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі, жел күшейеді, солтүстікте бұрқасынмен күтіледі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарында жел түнде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан да көп болады, кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 18 м/с жылдамдықпен соғады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 ақпан 2020 г. 117 0