Прокуратура Қордайға қатысты тергеуді аяқтады

Бас прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қордай ауданының полиция қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылықты тергеу аяқталды.
Биыл 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Сартөбе ауылында жол полициясы қызметкерлерінің патрульдеу кезінде Л.Воингуйдің басқаруындағы «Хонда Одиссей» автокөлігі тоқтатылған. Көліктің тиісті құжаттары болмағандықтан, Л.Воингуйға полиция бөліміне ыбару ұсынылған.
Алайда, ол офицерлердің талаптарын орындамай, үйіне қарай бет алған және кейіннен ағалары А. Воингуй және М. Воингуймен бірлесіп полиция қызметкерлеріне қарсы зорлық-зомбылық жасаған. Қордайдағы қақтығыс туралы видеолар БАҚ-та, әлеуметтік желілерде таралған болатын.
Ақпараттық қауіпсіздігіміз қандай?
Заңсыз қару жасағандар сотталды
«Жастар ақсақалдарды сыйламайды» – Қордайдағы Қоғамдық келісім кеңесі керек пе?
«Аталған факті бойынша Бас прокуратураның арнайы прокурорымен Қылмыстық кодекстің 380-бабының 1-бөлігі (билік өкіліне қатысты күш қолдану) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.
Үш айыпталушы өз кінәларын толық мойындап, тергеу сотымен қамауға алынды. Биыл 14 ақпанда қылмыстық іс айыптау актісімен Қордай аудандық сотына жолданды» делінген Бас прокуратураның хабарламасында.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 ақпан 2020 г. 390 0