Денсаулық және өмірлік дағдылар

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Bilim Foundation» қоғамдық қорының директоры Берік Ракушев пен облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Шолпан Жүнісова «Денсаулық және өмірлік дағдылар» сериясы бойынша балалар мен жасөспірімдер психологиясына арналған кітаптар жиынтығын  таныс­тырды.

Жиынтық  19 кітаптан тұ­рады. Аймақ мектептеріне 343 кітап жиынтығын тарату қолға алынған.

– «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының аты­нан әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыратын «Samruk-Kazyna Trust» қорымен әріп­тестіктің нәтижесінде бала­лар психологиясына арнал­ған кі­­таптар шығарылды. Бұл кі­таптар балалар мен жасөспі­рім­дерді эмоционалды-психо­логиялық тұрғыда дамыту мақ­сатында дайындалды. Қа­­зақ жә­не орыс тілдерінде шы­ға­рылған ең­бектер қазір  қол­­данысқа бе­рілуде, – деді қо­ғамдық қор директоры.

Жиынтықтағы кітаптар та­қырыбы балалар мен жас­өспірімдерде кездесетін  ата-ана­лардың ажырасуы, эмо­циялық мәселелер, көшу, мек­теп ауыстыру, оған бейім­делу, қор­қыныш, депрессия се­кілді қиын­дықтарға арналған.

Жиынтықты  ҚР Денсаулық сақ­тау министрлігінің респуб­ликалық ғылыми-практикалық психикалық денсаулық орта­лығы мақұлдаған. Бұл мектеп психологтарына көмекші құрал болып саналады.

Шолпан Жүнісова жиын­тықтың балалар мен жасөс­пі­рімдердің психикалық сау­­лығын арт­тыруға көмекте­сетінін, ата-аналар мен мұға­лімдерге ба­ламен жұмысты дұрыс ұйым­дастыруға үлкен ық­пал ете­тінін айтты. Кітап жиын­тығы қалалық мектептерге екі данадан, аудандық білім ұяла­рына бір данадан беріліп, облыстың 288 мектебі және 7-10 сыныптардың 37000-нан астам оқушысы қамтылады деп күтілуде.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 ақпан 2020 г. 182 0