«Астана»-«Қайсар» ойыны тікелей эфирде көрсетіледі

Футболдан Қазақстан суперкубогы 29 ақпанда елордалық «Астана» және Қызылорданың «Қайсар» командалары арасында өтеді. Бұл ойын  «Хабар» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Былтыр «Астана» Қазақстан чемпионы атағына қол жеткізсе, «Қайсар» кубокқа қол жеткізді.
Айта кетейік, маңызды кездесу еліміздегі жаңа маусым шымылдығын түреді. Ал Премьер-лига командалары арасындағы алғашқы кездесу 7 наурыз күні басталады. Алғашқы турда «Қайсар»  Қызылордада павлодарлық «Ертіс» командасын қабылдайды.

Әділет Талаптан.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 ақпан 2020 г. 380 0