Жол ережесін 100 рет бұзған Range Rover жүргізушісі ұсталды

Нұр-Сұлтан полицейлері жүзден аса жол жүру ережесін бұзған Range Rover жүргізушісін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Полицейлер сақтандыру полисінсіз көлік басқарған Range Rover жүргізушісін ұстады. Сонымен қатар, "Сергек" камерасына түскен бұл көлікке 1,5 миллион теңгеге жуық сомадағы 100-ден астам ережебұзушылық тіркелген. Жүргізуші оның 69-ын, 926 675 теңгесін төлеген. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды", - делінген хабарламада.

5 ақпаннан бастап елордада полиция қызметкерлері борышкерлер мен алимент төлемейтіндерді анықтап, олардың айыппұлы туралы хабарлама жіберіп жатыр. Қазірдің өзінде 58 миллион теңгеге 8 785 хабарлама жіберілген. 

Коммуналдық тұраққа 100-ден астам автокөлік қойылды, оның ішінде 88 жүргізуші тиісті құжаттарынсыз автокөлік жүргізген, 5-еуі жалған мемлекеттік нөмірлермен жүрген, тағы 5 жүргізушінің түрлі сот шектеуі болған.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 ақпан 2020 г. 269 0