Қызылордада 87 жастағы қария өз-өзіне қол жұмсады

Қызылордада 87 жастағы қария өзіне қол жұмсап, мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл келеңсіз оқиғаны облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. «20 ақпан күні облыс орталығының тұрғыны өз-өзіне қол жұмсаған. Тексеру барысында зорлық белгілерінің болмағандығы анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп мәлім етті ведомстводан.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 ақпан 2020 г. 387 0