Қару-жарақ құрастырып, сатып келген

  Ұлттық қауіпсіздік комитеті әшкерелеп, ұстаған заңсыз қару-жарақ сатқан қылмыскерлер сотталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
Еске сала кетейік, өткен жылы маусымда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті атыс қаруын жеткізумен заңсыз айналысқан халықаралық арнаның жолын кескен еді.
«Заңсыз айналымнан 3 «Калашников» автоматы, 3 гранатаатқыш, 2 жауынгерлік граната, 14 тапанша, 1700-ден астам патрон мен қарудың керек-жарағы алынды. Алматы қаласы мен Алматы облысының 10 тұрғыны қылмыстық жауапқа тартылды. Сотқа дейінгі тергеу барысында ішкі істер органдары қызметкерінің қылмысқа қатысы бары анықталды. Лауазымды адам ҚР ІІМ теңгерімінде тұрған оқ-дәріні ұрлап келген» деп хабарлайды комитеттен.
Сонымен қатар, қару құрастыру бойынша жасырын шеберхананың әрекеті тоқтатылды. Биылғы 27 қаңтарда Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен айыпталушылар әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 ақпан 2020 г. 171 0