WhatsApp-та тіл тигізгені үшін сотта жазаланды

Ақтауда ер адам WhatsApp-та қызға тіл тигізгені үшін сотта жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық әкімшілік мамандандырылған сотта ер адамның жалпы қабылданған мораль нормалары мен қоғамдық принциптерді сыйламаушылық таныта отырып, мессенджер арқылы жәбірленушінің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлап, қорлау сипатындағы хабарлама жіберген.

"Сот қаулысымен азамат Ш. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған бес айлық есептік көрсеткіш (13 255 теңге) көлемінде әкімшілік жаза тағайындалды", - деді сот өкілдері.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 ақпан 2020 г. 114 0