Бүгін Қызылордада республикалық айтыс өтеді

27 ақпан күні сағат 15:00-де Н.Бекежанов атындағы музыкалық драма театрда өтетін республикалық ақындар айтысын тамашалауға шақырамыз! Жыр додасы ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.

Бұл айтыста бәрі айтылады, шұрайлы тіркес пен әдемі ұйқас та болады. Аламан айтысқа наркескен тілмен жыр етер, есімі елге таныс ақындар қатыспақ. 

Қазақ өнерінің туын көкке көтерер, сөз қадірін өз қадірім деп білетін жанашыр қауым айтыстан қалыс қалмаңыз!


СБ ақпарат.





ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 ақпан 2020 г. 560 0