Масленица мерекесі басталды

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында құймақ апталығына арналған «Ескі ғасыр дәстүрлері» фольклорлық мерекесі өтті. Шараны «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығы облыстық кітапханамен бірлесіп ұйымдастырды.
Мерекелік іс-шараға «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары А.Жұмабаев, этномәдени бірлестіктердің өкілдері,  Ж.Нұрсейтов атындағы №233 орта мектептің оқушылары және кітапхана оқырмандары қатысты.
Орыс халқының мазмұнды мерекесінде халық өнері, тағамдары, киімдері, қолөнері, әндері, салт-дәстүрлері туралы кітап көрмесі ұсынылды.
Кездесуді облыстық кітапхананың директоры Н.Мырзамуратова және «Славяне» қоғамдық-мәдени бірлестігінің төрайымы Г.Щербакова ашып, барлық қатысушыларды осы мерекемен құттықтап, ынтымақтастық пен өзара көмек үшін ризашылықтарын білдірді.
Фольклорлық мереке аясында славян этносының салт-дәстүрлері, «Сударушки» ансамблі, «Надежда» жастар тобы және олардың солистері орындайтын әндер мен билер көрсетіліп, «Шалқан» ертегісіне негізделген көрініс қойылды. Балалар халық ойындарын ойнап, жұмбақтар шешіп, мақал-мәтелдерді жалғастырды.
Айта кету керек, Масленица - бұл апта бойы атап өтілетін қысты шығарып салу және көктеммен кездесуге арналған мереке. Әр күнді мерекелеудің өзіндік ерекшеліктері бар, ал дүйсенбі - Масленицамен кездесу.

Облыстық Қазақстан халқы
ассамблеясының баспасөз қызметі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 ақпан 2020 г. 151 0