Серік Сәпиевтің ағасы қайтыс болды

КСРО халықаралық деңгейдегі спорт шебері Бақтай Сәпиев қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.
"Қазақстан бокс федерациясы Бақтай Сәпиевтің дүниеден өтуіне байланысты Сәпиевтер отбасына көңіл айтады", - делінген ресми хабарламада.
Бақтай Сәпиев - КСРО халықаралық деңгейдегі спорт шебері. Кеңес Одағы құрамасында болған, КСРО - АҚШ кездесуінде жеңіске жеткен. Бокстан КСРО чемпионы болған.
Википедиядағы мәлімет бойынша, ол - бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің ағасы.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 ақпан 2020 г. 286 0