Ресей Бас консулдығы кітапханаға сый жасады

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханаға Ресейдің Алматы қаласындағы Бас консулдығының қызметкері, ҚР Ресей ынтымақтастығы өкілдігінің бас маман-сарапшысы Ольга Мощеева келді.

Облыстық кітапханаға Ресейдің Бас консулдығы тарапынан көркем әдебиет және балалар кітаптары сыйға тартылды.

Шараға облыстық «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығының төрайымы Галина Щербакова, облыстық кітапхана директоры Нұржамал Мырзамұратова және кітапхана қызметкерлері қатысты.

Ресей Бас консулдығының өкілі кітапхана жұмысымен танысты. Әсіресе 1 наурыз - Алғыс айту күніне және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған тақырыптық  кітап көрмесін қызыға тамашалады.

Облыстық Қазақстан халқы

ассамблеясының баспасөз қызметі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 ақпан 2020 г. 178 0