Данэлия Төлешова АҚШ-та концертін өткізеді

   Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова 29 наурызда АҚШ-тың Хьюстон қаласында бір сағаттық концертін өткізеді. Бұл туралы әншінің PR-директоры Татьяна Синенко мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Концерт камералық залда өтеді. Мен, әрине, қобалжып тұрмын. Көрерменге танымал кавер әндерді орындаймын. Авторлық әндер де бар. Билли Айлиштің реперуарынан бірнеше ән болады», - деді әнші.

Жас өнерпаз Қазақстанда үлкен концерт өткізуді армандап жүргенін айтады.

«Міндетті түрде тек өзімнің әнімді ғана орындаймын. Ерекше болады деп сендіремін», - дейді ол.

Әншінің фан топтары концерт билеттерінің суретімен бөлісіп жатыр. Оған Германия, Канада, Польша елінен фанаттар келеді.

Менеджердің айтуынша, концертті ұйымдастыруға «Cypress Creek FACE» білім қоры мұрындық болып отыр. Бұл қор әлемдегі шығармашылықпен айналысатын талантты жастарды АҚШ сахнасына шығарумен айналысады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 ақпан 2020 г. 150 0