Көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті

  Қармақшы аудандық Көшеней Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінде ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай мұрасы – халық ұлағаты» атты аудандық көркемсөз оқу шеберлері байқауы ұйымдастырылды.

Байқау 3 кезең бойынша өткізілді. «Білімдіден шыққан сөз...» атты алғашқы кезеңде Абай шығармаларын жатқа оқу, «Әсем әнмен жыр тербеп...» атты екінші кезеңде Абайдың әндері мен күйлерін, Абай шығармаларын Сыр мақамдарына салып орындау,  «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» атты үшінші кезеңде жас ақындардың Абайға арналған төл туындылары оқылды.

Байқауға кент орталығынан, елдң-мекендерде  орналасқан мектептерден 77 талапкер қатысты.

Алғашқы кезең бойынша Іңкар Бижан І орын иеленсе, Мерей Алдамжарова мен Нұрби Кеңесбаева ІІ орын, Қуаныш Тасбергенов ІІІ орынмен марапатталды.

 Ал екінші кезең бойынша Айбол Оралбекұлы І орынмен, Айдана Амантай ІІ орын, Диас Төлегенов ІІІ орынмен марапатталды.

Үшінші кезең бойынша І орынды Ақерке Бекбергенова иеленіп, ІІ орын Еркебұлан Серіковке, ІІІ орын Жанель Тоқтарға бұйырды. Байқауға қатысқан барлық талапкерлерге аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің арнайы алғыс хаты табысталды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 ақпан 2020 г. 361 0