Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі тағайындалды

Бүгін қалалық мәслихатта Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.
Ауылдық округ әкімін сайлау қорытындысымен үміткер Тайманов Сейілбек Абзалұлы жергілікті депутаттардың басым дауысына ие болып, кандидатурасы қолдау тапты.
Сейілбек Абзалұлы 1978 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.
Білімі жоғары, 1999 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «экономист шығыстанушы, түрік тілінің аудармашы референті», 2005 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «заңгер» мамандықтары бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2000 жылы «Агро центр» серіктестігінде менеджер қызметінен бастап, 2001-2009 жылдар аралығында Қызылорда облысы бойынша кеден басқармасында инспектор, аға инспектор, бас маман қызметтерін атқарған. 2009 жылы «Эко құрылыс маркетинг» және 2012 жылдан бастап осы кезге дейін «Шаға» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің директоры қызметтерін атқарып келген.
Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бұған дейін Қарауылтөбе  ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келген Б.Шәріпбековты басқа қызметке ауысуына байланысты салтанатты түрде шығарып салып, «Алғыс» хатымен марапаттады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 ақпан 2020 г. 508 0