Жазушының 5 кітабы жарық көрді

Алматыдағы ­«ARNA-B» баспасынан жазушы, тарих зерттеушісі Бегімбай Ұзақ­баевтың таңдамалы шығар­маларынан құралған
5 кітап жарық көрді. 

«Қарабура» кітабы ХІ-ХІІ ғасырларда Арал аймағы мен Ыстықкөлге дейінгі ара­лықты қамтыған Қарахан мемлекеті тұсында өмір сүрген мемлекет қай­раткері Қарабура ба­тыр туралы сыр шертеді. Қарабура – Қожа Ахмет Яссауимен бірге ислам ді­ні­нің өркендеуіне бел­сене атсалысқан, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би­лермен бірге «Жеті жар­ғыны» жазуға қатысқан, жоң­ғар­лардан елді қорғауда ерлік көрсетіп, дін арқылы жұрт­шылықты бірлікке, ынты­маққа шақырған тұлға.

Жалаңтөс баһадүр бей­несі келесі кітапқа арқау болды. Онда Орта Азияның бір бөлігі – Тұран елінде 40 жылдан астам уақыт билік жүргізген қазақтың қайсар перзентінің өмірі мен ерлігі халқымыздың арғы-бергі тарихымен байланыстырыла суреттеледі.

«Сартай мен Байқазақ». Үшінші кітап Қоқан мен Хиуа және Ресей патша­лығының отарлаушы жау­ларына қарсы күрескен, ел тәуелсіздігі жолында қасық қанын аямаған қос батырдың бейнесін ашуға негізделген. Олар – елдің бірлігін, ірге­міздің тұтастығын сақтауда жанқиярлық үлгісін көрсетіп, отарлаушы дұшпандарды ту­ған жер топырағынан қуып шығып, азаттыққа жетелеген хас батырлар.

«Марал ишан» Сыр бойы мен Сарыарқада ис­лам дінінің қанат жаюына үлес қосқан тұлға өмірін өрнектейді. Бірнеше әңгіме-хикаят, ондағы шынайы да көркем бейнеленген бүгінгі заман кейіпкерлері оқыр­манды баурап әкетеді.

«Өмір-өнеге» жазу­шы­ның өзі дәмдес-тұздас болған, өмірі, тағдыр жолы үлкен-кішіге бірдей үлгі, өнеге етуге тұрарлық жаны жайсаң азаматтар туралы тарқатады.

Қаламгер шығар­ма­шы­­лығы – көп уақыттың, күн мен түннің, зерделі зерт­теулердің, тарихи тал­ғам-таразысының жемісі. Сон­дықтан ондағы оқиғалар шымыр, тартымды, көркем.


«СБ» ақпарат.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 ақпан 2020 г. 529 0