Перудегі су тасқыны: 5 адам мерт болып, 10-нан астамы із-түссіз жоғалған

Перудің оңтүстігіндегі қатты жаңбыр салдарынан болған су тасқыны бес адамның өмірін қиып кетті. Бұл туралы ҚазАқпарат teleSUR телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 
Телеарнаның мәліметінше, 290-нан астам отбасы зардап шеккен. Тағы да 10 шақты адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Ел үкіметі республиканың оңтүстігіндегі Аякучо, Куско және Пуно аймақтарында төтенше жағдай жариялады. Қазіргі уақытта құтқарушылар жоғалған адамдарды іздестіріп жатыр. Су басқан ғимараттар мен байланыс құралдарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 наурыз 2020 г. 511 0