Қызылорда қалалық полиция басқармасының басшысы тағайындалды

Бүгін Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Сұлтан Бектөре Жеңісбайұлы жеке құрамға Қызылорда қалалық полиция басқармасының жаңа басшысын таныстырды.
Искаков Ермек Бердалыұлы 1971 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. ҚР МТК Қарағанды жоғары мектебін бітірген. 1993 жылы ішкі істер органдарындағы қызметін Қызылорда ОІІБ-ның қылмысты іздестіру басқармасының жедел уәкілінен бастаған.
Басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі мол. Әр жылдары Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы, Сырдария аудандық полиция бөлімі, Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармаларын басқарды.
Жаңа лауазымға тағайындалуына байланысты ол Ақсай полиция бөлімінің бастығы қызметінен босатылды.


Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 наурыз 2020 г. 2 175 0