Қызылордада жоғалған бала табылды

Қызылорда қаласында жоғалған баланы полицейлер тауып, анасына аман-есен тапсырды. Кәмелетке толмаған бала кеше белгісіз бағытқа үйінен шығып, қайтып оралмаған. 
 –  Жоғалған баланы іздеу үшін Қызылорда қалалық Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналды полиция бөлімшесінің жеке құрамы жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері барлық полиция учаскелеріне бағыт-бағдар беріп, адамдар көп жиналатын орындарды, шатырлар мен қараусыз қалған ғимараттарды тексерді. Полицейлермен жүргізілген іздестіру жұмыстары барысында жоғалған бала қала орталығынан табылып, аман-есен үйіне оралды. Бүгінгі таңда  баланың анасымен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде, – дейді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 наурыз 2020 г. 549 0