Қала тұрғыны 2 млн теңгенің ұрланғаны жайлы жалған арыз түсірген

  Өскемен қаласында өзі жұмыс істейтін компанияға тиесілі қаражатты жаратып жіберген ер адам ерекше қулыққа барған, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
32 жастағы қала тұрғыны сөмкесіндегі 2 200 000 теңгенің ұрланғанын айтып, арыз жазған. Бұл ақша ол жұмыс істейтін компанияға тиесілі екен. Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын жүргізген кезде ешқандай ұрлық фактісі анықталмады.
«Ер адам ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын мойындады. Қазіргі уақытта оған қатысты ҚР ҚК-нің 419-бабымен (Көрiнеу жалған сөз жеткiзу) тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады Өскемен қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 наурыз 2020 г. 440 0