Олимпиада жолдамалары бойынша қай облыс көш басында келеді?

Токио Олимпиадасына дәл қазіргі есеп бойынша Алматы облысы 6 жолдама иеленіп, көш бастап келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
 Ал, 4 жолдамасы бар Алматы қаласы екінші орында. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалалары 3 жолдамадан бөліскен. Облыстар арасында ақтөбеліктердің еншісінде 3 жолдама болса, шығысқазақстандықтарда - екеу. Батыс Қазақстан облысы мен Қызылорда спортшылары бір-бір жолдамадан иелік еткен. Қалған өңірлер әзірге Олимпиада ойындарының бірде бір жолдамасын еншілей алмай отыр.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін қазақ спортшылары Олимпиада ойындарына қанша жолдама жеңіп алғаны туралы жазған болатынбыз .
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 наурыз 2020 г. 536 0