Коронавирус: Норвегия Парламенті іссапарларға шықпайтынын мәлім етті

Норвегияда соңғы екі тәулікте коронавирусты жұқтыру фактілерінің саны үш есеге артты. Алдыңғы күні ғана «COVID 19»-ға шалдығудың 33 жағдайы тіркелген болса, бүгін олардың саны 89-ға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті 5 наурыз күні жариялаған мәліметке сәйкес, жаңа вирус Норвегияға негізінен Италиядан келген, сондай-ақ коронавирусқа шалдыққандар үйдегі карантин талаптарын дұрыс сақтамаудан өршіген. Норвегияның денсаулық сақтау мекемелері алдағы уақытта инфекцияның таралуы жаңа кезеңге өтетінін жоққа шығармайды. Олардың пайымынша, бұл кезеңде вирустың одан ары таралуының алдын алу үшін анағұрлым түбегейлі шаралар қажет болуы мүмкін. Норвегияның Білім және ғылым министрлігі мектептердің білім беру процесіне енгізілген өзгерістерді мәлім етті. Ал Парламент төрағасы алдағы екі айға ел ішінде және шетелге жоспарланған барлық іссапарларға тыйым салды. Бұдан бөлек, алдағы демалыс күндері белгілі Холменколлен шаңғы-трамплин кешенінде ұйымдастырылатын шаңғы жарысынан Әлем кубогы кезеңі көрермендерсіз өтетіні шешілген.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 наурыз 2020 г. 439 0