Көпірде төрт көлік соқтығысты

Оралда 8 наурызда түскі уақытта төрт көлік соқтығысты, - деп хабарлайды "Мой Город"

Жол апаты саяжай ауылдарының маңындағы көпірде болған. 

"Көпірде төрт көлік - екі Volkswagen, Toyota және ВАЗ-2115 соқтығысты. Алдын ала мәліметтер бойынша, апат бірінші көліктің күтпеген жерден тоқтағанына байланысты болған. Кейін оның артына басқа көліктер соқтығысқан. Апат туралы хабар 11:45-те түсті", - деді БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер. 

Бір жүргізуші мен бір жолаушы жарақат алған, оларды жедел жәрдем көлігі алып кеткен.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 наурыз 2020 г. 528 0