Тунисте АҚШ елшілігінің маңында жарылыс болды

Тунис астанасында АҚШ елшілігінің маңында лаңкес жарылғыш затты іске қосқан, - деп хабарлайды Mosaique FM.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға орнына содыр мотоциклмен келген. Видео кадрларынан ер адамның оқиға орнында қаза тапқанын көруге болады.

Айта кетейік, елде 2015 жылдың маусымынан бері төтенше жағдай режимі енгізілген. Бұған Сус провинциясындағы Эль-Кантауи курортында болған теракт себеп болған. Сол оқиғадан 40 адам қаза тапқан, 2015 жылдың қарашасында президенттің гвардия қызметкерлеріне шабуыл жасаған.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 наурыз 2020 г. 412 0