11-22 наурыз аралығы демалыс па?

Қазақстандықтар WhatsApp мессенджерінде 11-22 наурыз аралығында карантин жарияланғаны туралы ақпарат таратып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы бойынша карантинге байланысты 11-22 наурыз аралығы жұмыс күндері болып саналмайды", - делінген хабарламада. 

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріптің сөзінше, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. 

"Бұл - фейк. Елдегі жұмыс күндерін қамтуды үкімет шешеді", - деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырған адам тіркелмеді.  

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 наурыз 2020 г. 618 0