Ер адам көшеде оқ атты

Алматыда жол бөлісе алмаған көлік жүргізушісі аспанға қарата оқ атты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазіргі уақытта бұл факті Алмалы ауданының полиция басқармасында ҚР ҚК 293-бабы, яғни бұзақылық бойынша тергеліп жатыр.
«Тәртіп сақшылары 1983 жылы туған К. деген азамат жолдағы кикілжің кезінде дабыл тапаншасынан ауаға оқ атқанын анықтады. Оқиғаның барлық мән-жайы тергеу барысында белгілі болады», - деп хабарлады ведомстводағылар.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 наурыз 2020 г. 371 0