Қызылордадағы Назарбаев мектебіне іріктеу уақыты ауыстырылды

2020 жылдың 11 наурызында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты пандемия деп жариялады.

Қазақстан Республикасы аумағында коронавирус инфекциясын пайда болдырмау және таратпау мақсатында ҚР Үкіметі жанынан құрылған Ведомствоаралық комиссия тарапынан арнайы алдын алу шаралары өткізілуде, 13 наурыздан бастап көпшілікке арналған іс-шаралар өткізуге тыйым салынды.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Басқармасының шешімімен Назарбаев Зияткерлік мектептеріне конкурстық іріктеу мерзімі ауыстырылды. Конкурстық іріктеу өткізілетін күн қосымша жарияланады. Бұл жөнінде үміткерлерге бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер мен Зияткерлік мектептердің қабылдау комиссиялары арқылы хабарланады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 наурыз 2020 г. 486 0