Төтенше жағдай режимі қашанға дейін созылады?

Президент Жарлығына сәйкес Қазақстанда төтенше жағдай 15 сәуірге дейін жалғаспақ, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2020 жылғы 16 наурыздағы 08 сағат 00 минут пен 2020 жылғы 15 сәуірдегі 07 сағат 00 минут кезеңінде төтенше жағдай енгізілсін» делінген Президенттің Жарлығында.
Айта кетсек, бүгін Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізілді. Бұл туралы Жарлыққа ҚР Президенті қол қойды.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 наурыз 2020 г. 368 0