Футболдан Қазақстан біріншілігінің ойындары кейінге шегерілді

Коронавирус инфекциясының ел аумағында таралуының алдын алу мақсатында футболдан Қазақстан біріншілігі ойындарын өткізу кейінге шегерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР кәсіпқой футбол лигасынан мәлім еткендей, бұл шешім Премьер-лига, бірінші және екінші лига ойындарына қатысты. Жаңа ойын кестесі кейін хабарланатын болады. Ел біріншілігінің 3-туры 21 және 22 наурыз күндеріне белгіленген еді. Бұдан бұрын футболдан Қазақстан кубогының алғашқы кезеңі кейінге шегерілді.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 наурыз 2020 г. 478 0