Қызылорда: 6 ауылдың халқы таза ауызсу тұтынады

Қызылорда қаласының іргесіндегі Ақсуат ауылдық округіне қарасты Наурыз елді мекенінде тұратын 6 мыңға жуық адам ендігі жерде сапалы тіршілік нәрін тұтынады. «Мелиоратор» серіктестігі салған ауызсу жинау қоймасының игілігін «Наурыз», «Сабалақ» саяжайларының халқы да көре алады.
– Құрылысы кейін аяқталған, жаңадан салынып жатқан үйлер шет қалмауы керек. Сондай-ақ, әрбір баспанаға есептеу құралдары орнатылуы тиіс, – деді жұмыс барысымен танысу кезінде шаһар басшысы Нұрлыбек Нәлібаев.
«Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы аясында Талсуат, Қосшыңырау, Белкөл-2, Қызылөзек, Қарауылтөбе елді мекендерінде де су жинау қоймалары салынып жатыр.


Назерке САНИЯЗОВА,
«Сыр бойы».

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 наурыз 2020 г. 346 0