Коронавирус жөнінде қайда хабарласуға болады: Өңірлік штабтар тізімі

ҚазАқпарат агенттігі еліміздің ірі қалалалры мен өңірлеріндегі коронавирус инфекциясы жөнінде хабарласуға болатын байланыс нөмірлері тізімін ұсынады.
Республика бойынша вирустың алдын-алу және қорғану шаралары бойынша кеңес алу үшін 1406 бірыңғай call-орталығына хабарласуға болады. 1406 байланыс орталығының операторлары халыққа денсаулығын нығайту және өзінің ағзасын қорғау, күдікті симптомдар байқалғанда әрекеттер жасау бойынша кеңес беру дайындығынан өткен.
Сондай-ақ, қазақстандықтар коронавирус туралы сұрақтарын Qoldau 24/7 мобильді қосымша арқылы жолдай алады. Жолданымға тіркеу нөмірі беріледі, содан кейін өзіңіздің жеке кабинетіңізде оның мәртебесін тексере аласыз.
Ел астанасы Нұр-Сұлтан тұрғындары коронавирусқа қатысты қандай да бір жағдай орын алса, әкімдіктің call-орталығына 109 нөмірі бойынша хабарласа алады. Қаладағы Led-экрандарда коронавирус бойынша қайда хабарласуға болатыны туралы хабарландырулар көрсетілуде.
Сонымен бірге, Қазақстанның бірқатар өңірлерінде төтенше жағдайда жұмыс істейтін жедел штабтар құрылды. Алматы қаласында коронавирусқа қатысты жағдайларда жедел штабтың +77073168939 және +77017100948 нөмірлеріне хабарасуға болады. Шымкент қаласы мен Түркістан облысында коронавирус белгілері байқалған жағдайда 1406 және 103 нөмірлеріне хабарласқан жөн.
Атырау облысы Мобилизациялық дайындық және азаматтық қорғаныс бөліміне 8 7122 32 03 58 нөмірі арқылы хабарласуға болады. Ақтөбе облысында Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің 8 7132 55-77-37, дәрілер және маскалар бойынша – 87132 55-75-18 нөміріне хабарласуға болады. Ақтөбе қаласы бойынша барлық сұрақтар 87787463333, 87132909605 нөмірлеріне қабылданады.
ШҚО бойынша call-орталықтары: 87232-701131 (Өскемен) және 87222-600500 (Семей). СҚО Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының 87152 525059, 87152 340442 нөмірлері дайын. Маңғыстау облысындағы жедел штаб нөмірі – 30-11-77, Ақтау қаласында – 33-67-00.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 наурыз 2020 г. 253 0